«Астана Балет» спектакльдердің онлайн-көрсетілімін бастайды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 20 сәуірден бастап «Астана Балет» театры «Eurasian Dance Festival» бірлесе отырып, астаналық театр сахнасында өткен халықаралық балет өнері фестивалінің аясында көрсетілген спектакльдер мен гала-концерттердің видеожазбаларын онлайн-режимде ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает Преступная Россия

«Әртістер мен көрермендердің театр залына қайта оралуын күте отырып, Еуропа мен Азияның айтулы театрлары мен би ұжымдары біздің сахнада көрсеткен жарқын қойылымдарының бейнежазбаларының архивтерін көрсетейік деп шештік. Үш жыл ішінде, бұл балет фестивалі Қазақстанның мәдениетіндегі елең етерлік құбылысқа айналды. Көрермен қауымды осы қойылымдармен танысуға я болмаса сүйікті спектакльдерін қайта тамашалауға шақырамыз», — деді театр басшылығы.

Көрермен қауым әлемдік классика жауһарлары, халық шығармашылығы мен қазіргі заманғы әйгілі хореографтардың туындылары түйіскен фестиваль жазбаларын тамашалай алады.

Көрерменмен қауышудың жаңа форматы Қазақстан, Ресей, Португалия, Голландия және Германия әртістері қатысқан жұлдызды гала-балеттен басталмақ. Алғашқы онлайн-көрсетілім 20 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де «Астана Балет» театрының ресми YouTube-арнасында ұсынылады. Тікелей эфирді көріп үлгермегендер спектакльді кейінгі 24 сағат ішінде тамашалай алады.

22 сәуір, сағат 20:00-де әйгілі испаниялық би триосы Castro Romero ұсынған «Escencia Flamenca» бағдарламасының онлайн-көрсетілімі өтеді.

30 жылдық ғұмырында бұл ұжым көптеген жобаларды жүзеге асырған. Соның ішінде, танымал әртістермен жұмыс істеп, фильмдерге түсіп, әлемдік опера жұлдыздарымен концерттерге қатысқан. «Фламенко квинтэссенциясы» бағдарламасы 10 бөлімнен тұрады. Мұнда әртістер фламенко мен оның болмысы туралы баяндайды.

Фестивальге қатысқандардың бірі – Қытай ұлттық балетін 24 сәуірде, сағат 20:00 көре аласыз. Екі бөлімнен тұратын бағдарламаға хореографтар Ван Ци мен Фэй Боның екі миниатюрасы енген. Сянь Синхай музыкасына қойылған «Сары өзен» балетінің соңғы екі бөлімі мен П.И.Чайковскийдің «Патетикалық» симфониясының музыкасына қойылған «Өмір дастаны» балеті.




Айта кетейік, спектакльдер YouTube-арнасының «Премьералар» форматында көрсетіледі. Платформадан спектакльдердің басталуы жайлы хабарлама алу үшін «Астана Балет» театрының ресми арнасына тіркелу қажет.






Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/astana-balet-spektakl-derdin-onlayn-korsetilimin-bastaydy_a3639354”

©1info.net