Қарағандыда рәміздер күні өткен шараларға 10 мыңнан астам адам қатысты


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған шараларға 10 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Компромат вики

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні — бұл әр азамат үшін қасиетті күн. Ту, Әнұран және Елтаңба халықтың тәуелсіздігі мен еркіндігін білдіреді. Биылғы жылы ауқымды акциялар карантинге байланысты өткізілмейді. Мереке форматы өзгерді, бірақ ол мәнін жоғалтпайды.

Қарағандылық супермаркеттерде ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акциялар өтті. Волонтёрлер жалаулар мен күнтізбелер таратты. Динамиктерден ұлттық музыка ойнады. Мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы дауыс зорайтқыш арқылы айтылды.

Волонтёрлер бетперде және қолғап киіп, баспалдақпен сапқа тұрып, мемлекеттік әнұранды орындады. Супермаркетке келушілер бұл шараға құрметпен қарады. Саудаларын кейінге қалдыра отырып, адамдар бір сәт кідіріп, еліміздің басты әнін тапжылмай тұрып тыңдады. Кейбіреулер тіпті қосылып шырқады.





«Бүгін мемлекеттік рәміздерге 28 жыл толды. Әрине, карантин жағдайында бұл мерекені әдеттегідей ауқымды атап өткен жоқпыз. Шектеуді ескеру керек. Бірақ бұл – әрбір азамат үшін маңызды мереке. Біз мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетеміз. Осы күрделі уақытта рухымызды жоғалтып, еңсемізді түсіруге болмайды. Керісінше, бір-бірімізге көмектесу керек. Біз бірге коронавирус пандемиясын жеңеміз», — деп атап өтті Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығы бөлімінің басшысы Әлішер Самарбаев.





Ерікті Аида Қайырбекова Мемлекеттік рәміздер күнімен бірге ол туған күнін атап өтуде.

«Осындай айтулы күні дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Өз елімді мақтан тұтамын. Бізге, жастарға, мемлекетіміз үлкен мүмкіндік берді. Мен Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінде магистратурада оқимын. Екі жылдан бері волонтёрлікпен айналысамын. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтар туралы біліп, айта алуым керек. Мемлекеттік рәміздердің қалай дүниеге келген зерттедім. Барлығы ойластырылған және әрбір бөлшектің мәні бар. Мысалы, көк түс таза аспанды, бейбітшілік пен берекені, ал бірыңғай фон — біздің еліміздің бірлігін бейнелейді. Бүркіт жас мемлекеттің шыңдарға ұмтылысын, рухтың жоғары екендігін көрсетеді», — дейді патриоттық акцияға қатысушы.





Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 4 маусымда бір уақытта Әнұран шырқалды. Акцияны мыңдаған ұйым қолдады. Оған 10 мыңнан астам адам қатысты.

Облыс орталығында автоәуесқойлар қоғамы Мемлекеттік рәміздер күніне орай автожарыс ұйымдастырды. Көк байрақ алған көліктер кортежі қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Автожарысқа қатысушылар 91 метр биіктікте желбіреген Мемлекеттік Туы бар флагштоттың жанында шеруін аяқтады.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу әлеуметтік желіде белсенді өтуде. Қарағандылықтар парақшаларында тиісті хэштегі бар фото және бейне жариялап жатыр.






Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/karagandyda-ramizder-kuni-otken-sharalarga-10-mynnan-astam-adam-katysty_a3658026”

©1info.net