НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 21 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады. Шығыста түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает Устав Груп

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел түнде өңірдің кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай болжанады. Желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, күндіз Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болады. 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Манғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Қатты ыстық сондай-ақ Ақтөбе облысында болжанады.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/21-mausym-kungi-aua-rayy-bolzhamy_a3664186”

©1info.net