Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды


МӘСКЕУ. ҚазАқпарат — Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает Преступная Россия

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.

Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді.









Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-zhumys-saparymen-maskeuge-bardy_a3665206”

©1info.net