logo

Мәжіліс тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://stopotkat.top

Заң жобасы тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді.

«Заң жобасына сәйкес, ендігі жерде тарихи-мұра объектісіне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесі бұрынғыдай сол объект ашыла салысымен берілмейді. Бұл мәртебе енді оның тарихи маңыздылығын айқындайтын тарихи-мәдени сараптама жасалғаннан кейін ғана беріледі. Әйтпесе, бір кезде ашылған мұраның талайы әлі күнге зерттелмеген, қазылмаған, реставрацияланбаған күйінде жатыр, яғни тек тізімде тұр. Алдағы кезде үш жылдың ішінде, кей жағдайда бес жылдың ішінде олардың құндылығының басы ашылады да, жұмыс жоспарлы түрде басымдық бойынша жүргізіледі. Кім көрінген қолына күрек алып, «қара археологиямен» айналыса бермейтін болуы үшін алдағы кезде археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды өкілетті органның жоспарлауы әрі берген лицензиясы бойынша жүргізу міндеттілігі де заңдастырылғалы отыр», — деді Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.

Заң жобасы бірінші оқылымда 2019 жылғы 13 ақпанда мақұлданған.

Заң жобасын жетілдіру және оны екінші оқылымда қарауға дайындау барысында депутаттар құжаттың құрылымын арттыруға, жекелеген ұғымдардың редакциясын нақтылау мен жақсартуға негізделген түзетулер ескерілді.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті салааралық үйлестіру, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлеу мен бекіту құзыретін нормативтік бекітуге, сонда-ақ заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылауға әрі мазмұнын жасартуға бағытталған түзетулер енгізілді», — деді С. Абдрахманов.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс тобы 200-ге жуық түзетуді қарап шығып, олардың 130-ы қабылданған.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/mazhilis-tarihi-madeni-mura-nysandaryn-korgau-turaly-zan-zhobasyn-makuldady_a3582739”

На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости.