logo

Құнды көмбе тапқан адам оның құнының 50% көлемiнде сыйақы алады - Мұхтар Әбілсейіт


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мұхтар Әбілсейіт «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://fayrix.org

«Жаңа заң жобасындағы бір ерекшелік — «киелі объектілер», «ұлттық пантеон» деген түсініктер енгізілген. Сонымен қатар, «ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізімі» деген түсінік те бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1992 жылы ескі Заң қабылданғанда бұл тізімде елімізден бір де бір ескерткіш болмаған еді. Қазіргі кезде еліміздің 10 ескерткіші бұл тізімге енді. Болашақта тағы бірнеше ескерткішті осы тізімге қосу жоспарлануда. Яғни, адамзат баласы үшін бағалы қазынамыз молайып келеді деп қуануға негіз бар», — дейді Мұхтар Әбілсейіт.

Оның айтуынша, жаңа Заңда жазылған тағы бір ескерер жайт — құнды көмбе тапқан адамдар ендігі жерде ол көмбе құнының елу пайызы мөлшерiнде сыйақы алуға құқығы бар екені айқындалды.

«Сыйақыны төлеу бюджет есебінен жүргізіледі. Сонымен бірге, бұрынғы жылдары алынған археологиялық, ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиялар жаңа Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жыл ішінде қайта ресімдеуге жатады. Осындай өтпелі ереже Заңда бекітілген. Әйтпесе, соңғы кезде» қара археологтар« туралы біраз жағымсыз нәрселер естіп жүргеніміз рас. Бұл Заң нағыз археологтарға зиянын тигізбей, ақ пен қараның арасын ашып алуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», — дейді директор.

Сондай-ақ, енді археологиялық жұмыстар күнтізбелік жоспар бойынша жүргізілмек.

«Жоспардан тыс жүруге мүмкіндік берілмейді. Археологтар археологиялық жұмыстарды бастар алдында 10 күнтізбелік күн бұрын жергілікті уәкілетті органдарға хабарлауы тиіс. Археологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде сол уәкілетті органға экспедиция құжаттарын, жұмыстың қысқаша есебін, табылған олжалардың фотосуреттері мен сипаттамасын беруі тиіс. Уәкілетті орган сараптама комиссиясын құрып, табылған жәдігерлерді қай мемлекеттік музейге беретіні жөнінде шешім қабылдайды. Археологтар жұмысты аяқтаған соң қазбаға консервация жүргізу, бұзылған жер учаскелері мен объектілерді қалпына келтіруге міндеттелді. Осыған дейін археологтардың көптеген қазбалары олардың артынан ашық-шашық қалып қойып жататын. Дәл осылай реставрация жұмыстары да реттелген», — дейді ол.


Фото: atpress.kz



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kundy-kombe-tapkan-adam-onyn-kunynyn-50-koleminde-syyaky-alady-muhtar-abilseyit_a3600477”

Теги

Как правильно торговать криптовалютой Лозовицкого? Novus карагандинский клан медикі Мишалов Конкорд Cel осмс медики массово увольняются Связи русской мафии в украинском Минюсте Подхалим с закосом под вора. Как Юрий Ериняк дурит фраеров Виртуальный крупье Максим Криппа: как агент ФСБ стал своим в партии львовянина Садового Непотопляемость Шодиева Анатолий Мокренко Знает ли ГПУ и Зеленский о Харьковском бизнесе Райнина План Путина. Собянин – новый Президент России Нинель Коломийцева Серёжа «Пидрахуй» сделал свою любовницу вечной «мисс Вселенной»? Как в интересах ГК МИЦ жгут и выселяют Москву Бомонд МВД: Дмитрий Бут – следователь с повадками толстосума SARS MERS «Заблокированный» Рустэм Магдеев завидует Наиле Аскер-заде? Лапа Инна Шубин Виталий Кенес Ракишев рвётся строить Москву Коррупционер и алкоголик Иван Боршош вновь собрался в Раду Дзюба Артем Уткин Василий Проект беспилотника \"Альтаир\" мог оказаться в руках иностранного государства

На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости.