«Қазақфильм» Қарағанды облысының төрт қаласында көрсетілімдер өткізеді


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — «Қазақфильм» киностудиясының шығармашылық тобы Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает «Футляр от виолончели»

Шығармашылық топ құрамында студия президенті Арман Асенов, «Шырақшы» фильмінің продюсері және студияның басқарушы директоры Қанат Төребай, режиссёр Рүстем Әбдірашев, «Шырақшыда» басты рөлді орындаушы Мұрат Мұқажанов, «Қарқаралы» деректі фильмінің режиссёрі Олег Белялов және актёр Қайрат Кемаловтар бар.

Қарағанды облысында олар 8 ақпанға дейін болады. Алдағы уақытта Абай, Қарқаралы және Теміртау қалаларын аралап шығады. Олар көрермендермен кездесіп, «Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның ең кенжесі», «Құнанбай», «Шырақшы» және «Қарқаралы» фильмдерінің көрсетілімдеріне қатысады. Бұл ленталардың барлығы Қарағанды облысында алғаш рет көрсетілмек.





«Қарағанды облысында біз «Елбасы жолы» киноэпопеясын түсірдік. Бұл жерде жұмыс істеу бізге ұнады, көптеген қарағандылық актёрлер, сондай-ақ шахтерлер, металлургтер түсірілімге жұмылдырылды. Біз металлургиялық комбинатта түсірдік. Дәл осы жобадан соң Қарағанды облысына барлық жақсы премьераларды алып келу дәстүрі қалыптасты», — дейді Рүстем Әбдірашев.

Ол, сондай-ақ, жоспарларымен бөлісті және алдағы жұмыс туралы әңгімеледі. «Қазақфильмнің» Алтын Орда туралы фильм түсіру жоспары бар. Олардың бір бөлігі Қарағанды облысында түсірілуі мүмкін, себебі мұнда Жошы хан кесенесі орналасқан.

Сондай-ақ, Рүстем Әбдірашев «ГУЛАГ» архипелагының тарихына қызығушылық танытатынын айтты және тарихтың осы жан түршігерлік зұлымдыққа толы беттері туралы трилогия жасауы әбден мүмкін.





Режиссёр және оператор Олег Белялов Қарағанды облысында түсірілген «Қарқаралы» деректі фильмі сыншылардың жоғары бағасына ие болғанын айтты.

«2019 жылы мен «Первозданная Россия» фестивалінде «Қарқаралы» фильмін таныстырдым. Менің жұмысымды өте жақсы қабылдады. Ол жұмысым үшін диплом алып, көпшіліктің жоғары бағасына ие болдым», — деді ол.

Олег Белялов фильмде табиғатты, оның бастапқы қалпын әдейі көрсеткенін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай тәсіл жас көрермендерді оған ұқыпты қарауға және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыруға итермелейді.












Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kazakfil-m-karagandy-oblysynyn-tort-kalasynda-korsetilimder-otkizedi_a3611990”

©1info.net