Атыраулық жолаушылар бүгін автобуста тегін жүруде


АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін, 14 наурыз –Көрісу күніне орай таңертеңнен бері атыраулық жолаушылардан автобуста жолақы алынған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает Руспрес

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бүгінгі Көрісу күніне байланысты Атырау қаласында жолаушы тасымалымен айналысатын 8 кәсіпорын тұрғындардан жолақы алмауға шешім қабылдады. Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев оларға 14 наурыз күні жолаушыларды тегін тасымалдауға ұсыныс білдірген еді. Бұл ұсынысқа бастапқыда «Atyrau-Avtopark» ЖШС қолдау білдірді. Кейін оны өзге де кәсіпорындар іліп әкетті. Қазір Атырау қаласында 8 кәсіпорын күн сайын жолаушы тасымалдау үшін 26 маршрутқа 160-тан астам автобус шығарады. Қала тұрғындары барлық маршрутта күні бойы тегін жүреді» -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/atyraulyk-zholaushylar-bugin-avtobusta-tegin-zhurude_a3624957”

©1info.net