Түркістан облысында тауда жоғалған оқушылардың біреуі қайтыс болды: Қылмыстық іс қозғалды


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданының тауларында оқушылардың жоғалуына және олардың бірінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Устинов троллит

15 маусым күні Түркістан облысында тауға демалуға шыққан оқушылар жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз. «Біркөлік» демалыс аймағында 22 оқушы мен 3 ересек адам тау бөктеріне шығып, 3 оқушы адасып қалған. 16 маусым сағат 00:58-де Шымкент қалалық ТЖД-ның іздестіру тобы жардан құлап кеткен 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін тауып, төменге түсірген еді.

«Бұл жайт Төлеби аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР ҚК-нің 141 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады», — деді Салтанат Қаракөзова.

Құтқару қызметінің мәліметінше, тауға шыққан жасөспірімдердің барлығы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылы, Абылайхан атындағы №28 орта мектептің 10-сынып оқушылары.

Қазіргі уақытта тауға кеткен 2 оқушының жүрген жері анықталып, олармен байланыс орнатылған. Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, олардың біреуін түсіріп үлгерген. Ал, екінші баланы құтқару операциясы әлі де жүргізілуде. Алайда, жартасты жерлер, биік таулар мен тік беткейлерге байланысты құтқару жұмыстары қиындай түсуде.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-tauda-zhogalgan-okushylardyn-bireui-kaytys-boldy-kylmystyk-is-kozgaldy_a3662302”

©1info.net