Алматының екі ауданы мен Алматы облысының бірнеше ауылына су беру тоқтатылады


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб, Медеу аудандары мен Алматы облысының бірнеше ауылы екі күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает FLB

«18-20 маусым аралығында Түрксіб және Медеу ауданында орналасқан бірнеше ғимарат пен үйлер суық судан ажыратылады. Сондай-ақ, осы уақытта «Атырау», «Нұршашқан» шағынаудандары және Хмельницкий-Гете-Бекмаханов-Майлин көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су берілмейді»,– деп хабарлады «Алматы Су» компаниясы.

Сонымен қатар, Құлжа тас жолының бойында орналасқан нысандарға суық су беру тоқтатылады. Талғар ауданына қарасты Гүлдала, Белбұлақ, Бесағаш ауылдары да уақытша судан ажыратылады.

Тапсырыс бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға су тасымалданады.

«Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер Құлжа трассасындағы су желілерін ауыстыру жұмыстарының екінші кезеңі аясында енгізілді» деп атап өтті «Алматы Су».



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatynyn-eki-audany-men-almaty-oblysynyn-birneshe-auylyna-su-beru-toktatylady_a3662456”

©1info.net