logo

Ресейде қазақ киносының фестивалі басталды


ОМСК. ҚазАқпарат – Ресейдің Омбы облысында Қазақстан киносының IV фестивалі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://bpressa.com

Биылғы фестиваль Омбыда 6-7 қараша күндері өтетін Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастығының форумына арналды.

«Вавилон» кинотеатрында ашылған салтанатты шарада барысында «Махаббат» шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері қазақ тілінде ән шырқап, өлеңдер оқыды. Қонақтарға ұлттық тағам – бауырсақ таратылды.

Фестиваль 5 қарашаға дейін жалғасады. Сеанстарға тегін тіруге болады. Көрермендерге тарихи оқиғалар негізінде түсірілген «Алтын тақ», «Талан» фильмдері көрсетіледі, ал балалар «Мұзбалақ», «Күлтегін» мультфильмдерін тамашалай алады.

«Біз Қазақстанды, қазақ тілін, мәдениетін сүйетіндердің барлығын шақырамыз. Фильмдер орыс тілінде де, қазақ тілінде де көрсетіледі. Міндетті түрде субтитр болады. Кино арқылы Қазақстан колоритін, халықтың мәдениетін көрсеткіміз келеді. Фильмдердің барлығы ізгілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, халқын, тілін сүюге арналған», — дейді Омбы облыстық қазақ қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің басшысы Жанат Бекмағамбетов.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/reseyde-kazak-kinosynyn-festivali-bastaldy_a3580506”

На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости.