logo

Түлкібас ауданында бес бірдей мәдени нысан ел игілігіне берілді


ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында күрделі жөндеуден өткен бес бірдей мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. 100-ден аса адамға есептелген мәдени нысандарда жөндеу жұмыстарымен қатар аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://pilotekh.com

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шалғай жатқан Көкбұлақ, Елтай, Жанұзақ, Рысқұл, Алғабас ауылдарындағы клубтар күрделі жөндеуден өтіп, есігін айқара ашты. Жаңадан жаңғырған мәдени нысандарда ауыл жастары үшін де музыкалық және басқа да үйірмелер қарастырылып, бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.

Айта кетейік, таулы ауданның руханият саласында атқарылып жатқан оңды істер аз емес. ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылды көркейту — басты мақсатымыздың бірі екенін айтқан болатын. Осы бағытта бүгінгі таңда аталған ауданда жүйелі жұмыстар жолға қойылған.








Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/tulkibas-audanynda-bes-birdey-madeni-nysan-el-igiligine-berildi_a3581091”

На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости.