СҚО-да биыл 12 мың тұрғын баспаналы болмақ


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл баспана салуға бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Дедал

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда тұрғын үй құрылысы қарқын алғанымен, жаңа нысандар қаланың қазіргі шекарасынан шықпайды. Жоспар бойынша жеке сектордағы ескі үйлер сырылып, орнына көп қабатты баспаналар бой көтереді. Бұл – ыңғайлы, әрі экономикалық жағынан тиімді болмақ. Яғни қосымша инфрақұрылым тартудың қажеті жоқ.

Мамандардың айтуынша, қазір жеке сектор Петропавлдың жартысына жуығын алып жатса, онда қала тұрғындарының тек 20 % ғана тұрады.

Бюджеттен бөлінген 18,4 млрд теңге биыл 300 мың шаршы метр баспананы тұрғызуға мүмкіндік бермек. 12 мың өңір тұрғыны жаңа қонысқа көшеді. Жыл соңына дейін 3 мың пәтер қолданысқа берілсе, оның 625-ін әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар алмақ.

«Пәтерлерді бөлу тәртібі ашық болу керек. Оған қоғам өкілдерін тарту қажет. Келесі аптада «Е-Петропавл» атты арнайы қосымшаны іске қосамыз. Нәтижесінде кезекте тұрған азаматтар туралы ақпаратты көруге болады», — деді бүгін әкімдік отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов.






Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sko-da-biyl-12-myn-turgyn-baspanaly-bolmak_a3660280”

©1info.net