Сағынтаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Репортер

«Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың амандығын сақтап жүргендердің алдыңғы қатары – сіздерсіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол Алматы әкімдігінің жұмысындағы басты міндеттердің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті. Осынау абыройлы істі жүзеге асыру үшін өткен жылдан бастап көшелер мен аулаларды патрульдеу күшейтілді, қаланың барлық аудандарында полицияның мобилді пункттері ашылды.

Нәтижесінде қылмыс деңгейі күрт қысқарды. Бүгінгі күні екі мыңнан астам полиция қызметкері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау жолында аянбай қызмет етуде.

Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері медиктермен, санитарлық дәрігерлермен, әскерилермен бірге блокпосттарда тәулік бойына өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті. Ол үшін бес мыңнан астам полиция қызметкерлері тартылды.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sagyntaev-policiya-kyzmetkerlerin-kasibi-merekesimen-kuttyktady_a3664938”

©1info.net