logo

Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі - Бас прокуратура


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жануарлар әлеміне қарсы қылмыстарға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://therichjerksite.com

«Келесі маңызды мәселе жануарлар әлеміне қарсы қылмыстар. Бұл өте өзекті. Қоршаған ортаға қарсы қылмыстар қоғамда резонансты тудырады. Қазір заңсыз аңшылық, балық, су жануарларын аулауға, өсімдіктерге қарсы әрекеттер теріс қылықтар әрекетіне жатады. Енді олар ауырлығы орта қылмыстар санатына кірмек. Жаза мөлшері де күшейтіледі. Мысалы, бүгін айыппұл 5 мың теңге болса, енді 10 млн теңгеге дейін көбейеді. Қазір осы әрекеттер үшін адам 50 тәулікке қамалуы мүмкін, енді төрт жыл бас бостандығынан айыруы көзделіп отыр. Егер бұл қылмыстар табиғи қорықта жасалса, қызыл балықты немесе жалпы балықты катермен ауласа, сирек кездесетін Қызыл кітапқа енген аңдарды ауласа — 6 жыл, ал аса ірі көлемде немесе қылмыстық топ болса, он жылға дейін бас бостандығынан айыру бекітіліп отыр», — деді М. Ахметжанов.

Оның сөзіне қарағанда, осындай қылмыс жолымен тапқан адамның бар мүлкі, қылмыс құралдары, көлігі, қайықтары, мылтығы тәркілеуге жатады.

Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Осы орайда ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшетіні мәлім болды.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/brakon-erlerge-katysty-zhaza-kusheytiledi-bas-prokuratura_a3586994”

На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости.