23 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 23 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы туралы» қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, бұл қызметке Н.Ә. Назарбаев сайланды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанға ресми сапармен барды. Сапар барысында ол Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шарифпен келіссөздер жүргізді.

1993 жылы Алматыдағы Достық үйінде «Қазақстан-Венгрия» достық қоғамы құрылды.

1995 жылы Лондонда Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдени орталығы -Абай үйі ашылды.

2007 жылы Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы құрылды. Бұл шешім Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қабылданды. Бұл аймақтың бесінші әкімшілік-территориялық ауданы. Мұнайлы ауданының әкімшілік аумағы 492 мың 189 гектар жерді алып жатыр.

2011 жылы Астанада жазушы Табыл Құлыястың «Қан­жо­са ғасыр», «Қырғын», «Қан кешу» атты кітаптарының таныстырылымы өтті. Кітаптың үшеуі де Кеңес Үкіметі тұсындағы трагедиялық оқиғаларға, қолдан жасалған саяси нәубеттерге арналған. Мәселен «Қан жоса ғасыр» кітабында 1918-1922 жылдардағы аштықтың себептері баяндалса, «Қырғын» кітабында 1932-1934 жылдары Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясаты және оның қазақ халқы үшін орны толмас салдарлары, «Қан кешу» жинағында НКВД-нің ұлт зиялылары мен бас көтерер азаматтардың соңына түсіп, қуғын-сүргінге ұшыратып, ғазиз өмірлерін жалмаған ауыр жылдар суреттеледі.

2012 жылы ҚР Ұлттық банкі Ислам қаржылық қызметтері бойынша кеңестің қауымдастырылған мүшесі ретінде қабылданды.

2012 жылы Қазақстан «Сегіздік тобы» жаппай қырып-жоятын қарулардың таратылуына қарсы жаһандық әріптестіктің 24-мүшесі болды.

2015 жылы Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының отырысында Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың 2015-2017 жылдары күшіне енуіне көмек конференциясының тең төрағасы болып тағайындалды.

2015 жылы Петропавл қаласындағы Қазақ классикалық гимназиясына Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сафуан Шаймерденовтің есімі берілді. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына мәдениет қайраткерлері, драматургтің туыстары, жұртшылық өкілдері қатысты.

2017 жылы Кот-д’ Ивуардағы бітімгершілік миссиясынан кейін Қарулы күштердің офицері Асылхан Аманғалиұлы миссия барысында үздік бітімгершілік даярлығы бар білікті маман, офицер ретінде көрініп, әскери бақылаушыларға берілген талаптарды мінсіз және үлгілі орындағаны үшін БҰҰ медалімен марапатталды.

2018 жылы Брюссельде Еуропаның сыртқы саяси қызмет органының ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағының арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына орай фотокөрме ашылды.

Көрмені Еуропа тарапының қолдауымен Қазақстан Республикасының Брюссельдегі елшілігі ұйымдастырды. Онда Қазақстан сұлу табиғаты мен заманауи қалаларының әсемдігі бейнеленген 18 жұмыс көрсетілді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/23-akpan-kazakparat-kuntizbesi_a3617090”

©1info.net