Біздің қызметті әйелдерге арналмаған дейді – із кесуші Балғын Қариева


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы облысында тәжірибелі ізкесуші әйел қызмет етеді. Полиция капитаны Балғын Қариева қазақстандық қыз-келіншектерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

Балғын Қариева студент кезінен погон тағып, криминалдық полицияның жедел уәкілі болуды армандаған. Ол өз мақсатына жету үшін аянбай еңбек етті.

Еңбек жолын криминалистикадан бастаған Балғын табанды еңбегінің арқасында офицер деген атаққа да қол жеткізді. Жарты жылдан кейін жедел уәкіл болды. Содан кейін, Қапшағай қалалық криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі қызметіне тағайындалады. Екі жылдан кейін Балғын өзінің қалтқысыз жұмысын дәлелдеп, тергеуші қызметіне ауысты. Қазіргі уақытта ол криминалдық полицияның аға жедел уәкілі қызметін атқарады. Осылайша, ол сегіз жыл ішінде арманын ақиқатқа айналдыра білді.

«Күнделікті қызмет барысында түрлі адамдармен тілдесуге тура келеді. Ашу керек қылмыстардың тізімі адам өлтіру, тонау, қарақшылық, ұрлықпен шектелмейді. Сондықтан да бұл бөлімдегі қызмет нәзік жандарға арналмаған деп жатады», — дейді Балғын Қариева.

Бос уақытында капитан Қариева жеңіл атлетикамен кәсіби айналысады. Ол 2019 жылы республиканың үздік полицейі «Парасатты полицей – 2019 жыл» атағына ие болды.

«Өз әріптестерім полиция қызметкерлері қатарындағы аруларға махаббат, бақыт, денсаулық және отбасыларына амандық тілеймін. Армандарңызға жетулеріңізге тілектеспін»,– деп қорытындылады Балғын Қариева.




Айта кету керек, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полиция капитаны Балғын Қариева ҚР ІІМ-нің 2 дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды .



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/bizdin-kyzmetti-ayelderge-arnalmagan-deydi-iz-kesushi-balgyn-karieva_a3622294”

©1info.net