Қарағандының медицина мекемелері ТЖ кезінде қалай жұмыс істейді


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысы lенсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев медицина мекемелерінің жұмысына ТЖ режимі қалай әсер ететіні және аймақ тұрғындарына вирус жұқтырмау үшін не істеу керектігі туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

Емханалар қалай жұмыс істейді?

Емханалар бұрынғы режимде жұмыс істейді. Егер өтініштер тым көп болса, дәрігерлер демалыссыз қабылдай бастайды. Стационарларда науқастармен кездесуге уақытша шектеу қойылды. Қарт адамдарға емханаға барудан уақытша бас тарту ұсынылады. Дәрігерлер оларға үйге келіп, тиісті дәрі-дәрмегін пәтеріне жеткізіп береді.

Ауруханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

Иә. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдағы екі айға қажетті дәрі-дәрмекті сатып алуда.

Егер менде ЖРВИ белгілері болса, емханаға бару керек пе?

Жоқ. ЖРВИ белгілері кезінде дәрігерді үйге шақырған жөн.

Отбасы мүшесі ауырып қалды. Маған не істеу керек?

Бірінші кезекте науқас бетперде киюі тиіс. Мүмкіндігінше ол үшін «үй карантинін» ұйымдастыру керек — оны жеке бөлмеге орналастыру және оған отбасының басқа мүшелеріне кіруін шектеу қажет. Содан кейін дәрігерді шақыру керек.

Қандай да бір ерекше препараттарды сатып алу керек пе?

Жоқ. Үйдегі дәрі қобдишасында градусник, бірнеше медициналық маскалар, ыстық түсіретін және вирусқа қарсы дәрілер болуы керек.

Денім сау болса, маска кию керек пе?

Жоқ. Масканы тек ауру адамдарға киюге кеңес беріледі. Дегенмен, үйдегі дәрі қобдишасында бірнеше медициналық маска болғаны абзал.

Медициналық масканы қайда сатып аламын?

«Биосфера» дәріханаларының желісі отандық өндірістің 300 мың маскасын сатып алды. Олар көтерме бағамен сатылады. Сондай-ақ емханалар жанындағы әлеуметтік дәріханаларда маска бар.

Егер жұқтырғандар көп болса, оларды оқшаулай ала ма?

Иә. Өңірдің ірі кәсіпорындары өздеріне тиесілі қала сыртындағы санаторийлер мен профилакторийлерде қажет болған жағдайда карантин ұйымдастырылатынына келісім берді. Қарағанды облысында науқастарды тасымалдауға арналған екі арнайы капсула бар.

Қазір карантинде қанша қарағандылық бар?

Қарағанды облысында 34 адам карантинде. Олардың ешқайсысында аурудың белгілері жоқ.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар бар ма?

Жоқ. Қарағанды облысында COVID-19 вирусымен ауырғандар тіркелген жоқ.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/karagandynyn-medicina-mekemeleri-tzh-kezinde-kalay-zhumys-isteydi_a3625271”

©1info.net