Балаларыңызды қосымша білім беру орталығына апаруды тоқтата тұрыңыздар – білім басқармасы


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа байланысты басқа өңірлерден келген 9172 студент тұрғылықты мекенжайы бойынша үйлеріне жіберілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Преступная Россия

«Техникалық шығармашылық, өнер мектептері, музыка мектептері сияқты қосымша білім беру мектептері де 5 сәуірге дейін каникулға шықты. Ата-аналарға балаларын қосымша білім беру орталықтарына, үйірмелерге апаруды тоқтата тұруды ұсынамыз», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталғаны туралы жазғанбыз.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/balalarynyzdy-kosymsha-bilim-beru-ortalygyna-aparudy-toktata-turynyzdar-bilim-baskarmasy_a3626021”

©1info.net