Алматыдағы блок-бекеттер: Полиция тасжолдан тыс жолдарды да бекітті


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы полициясы блок-бекеттерден тыс шағын көшелер арқылы қалаға кіріп-шығатын жолдарды анықтап, бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Преступная Россия

Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев айтты.

«Бір тәуліктегі жұмысты қорытындылай келе полиция қалаға кіріп-шығуға мүмкіндік беретін қуыс жолдар бар екенін анықтады. Сол учаскелерге қосымша патруль бөлетін болдық. Осындай жолдардың барлығы анықталып, жабылды», — деді Жандос Мұраталиев.

Айта кету керек, Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. Қазір аса қажеттілік болмаған жағдайда қалаға жеке көлікпен кіріп-шығуға тыйым салынған.

22 наурыздан бастап бұл шектеу авиа және темір жол қатынасына да қойылады.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatydagy-blok-beketter-policiya-taszholdan-tys-zholdardy-da-bekitti_a3627674”

©1info.net