Алматы облысында жарты миллионға жуық медициналық бетперде тәркіленді


ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Талдықорған қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан 250 қорапқа салынған медициналық бетперде табылды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Преступная Россия

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы санау барысында әр қорапта 1800-2000 дана бетперде бар екені белгілі болды. Болжам бойынша тауарды тиеп, одан әрі жөнелтуге дайындаған.

«Беркут-162» патрульдік экипажы аулаларды жүріп өту барысында қолдан жасалған қойманы байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Еш жерде жұмыс істемейтін 1960 жылы туған азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.





Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің медициналық бетперделердің қайдан шыққаны, кімге тиесілі екені және қайда тасымалдау жоспарланғаны анықталатын болады.






Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almaty-oblysynda-zharty-millionga-zhuyk-medicinalyk-betperde-tarkilendi_a3628215”

©1info.net