Будапешт қаласында Абайдың 175 жылдығы атап өтілді


БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат – Будапешт қаласында Абайдың 175 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://thefirst-online.com

Будапештте Қазақстан Республикасының Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында «Әлем таныған Абай» кітап-иллюстративті көрмесі мен «Абай әлемі» фотокөрмесі ұйымдастырылды.




Мажарстан мен Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымының, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ортасының өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы бастаған абайтанушылар, қазақ диаспорасы, сондай-ақ қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйреніп жүрген мажарлық студенттер қатысқан іс-шара Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Өкілдігінің ғимаратында өтті.




Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында саяси-экономикалық қарым-қатынастар ғана дамып қоймай, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды ілгерілеп келе жатқанын, атап айтқанда Будапештте Абайдың ескерткіші бар екенін атап өтті.




Мажар тарапынан Мажарстан Премьер-министрінің кеңесшісі, мажарлық пен-клуб президенті Г.Сёч сөз алып, әлемдік мәдени мұраға үлесін қосқан Абайдың еңбегінің терең пәлсапалық ойларына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасында екіжақты мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға берді.

Іс-шара барысында мажар тілінде М.Әуезовтің «Абай жолы» кітабының тұсаукесері болды.

Іс-шарадан кейін Будапешт қаласында орталық парктегі Астана көшесінде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болды. Қазақ диаспорасы, сондай-ақ қазақстандық және мажарлық студенттер Абайдың өлеңдері қара сөздерін оқып, әндерін орындады.












Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/budapesht-kalasynda-abaydyn-175-zhyldygy-atap-otildi_a3609327”

©1info.net