Бердібек Сапарбаев: Мәдениет саласында жемқорлық болса, бұл сала қайда барады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға мәдениет саласында жемқорлыққа жол бермеу керектігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://web-gorod.net

«Мәдениет саласында жемқорлық болса, мәдениет қайда барады? Жаңалықтардан оқып жатқандарыңыздай, осындай залды (Астана балет ғимараты) жалға бергені үшін қосымша ақша — пара алған жағдайлар кездескен. Мұндай жағдай Нұр-Сұлтан қаласындағы Горкий театрында болды. Шымкент, Түркістан және Көкшетауда да осындай жағдайлар тіркелген. Сондықтан, министрлік осы жағдайларға көбірек көңіл бөлуі керек», — деді Бердібек Сапарбаев елордада өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров 400 млн теңге пара алды деген күдікпен елордадағы Горький театрының бұрынғы директорының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлім еткен еді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/berdibek-saparbaev-madeniet-salasynda-zhemkorlyk-bolsa-bul-sala-kayda-barady_a3609405”

©1info.net