Біртанов қазақстандықтарға Қытайға бармай-ақ қоюға кеңес берді


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирус тараған Қытайға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://sledu.info

«Мен біздің азаматтарымызға Қытайға, сондай-ақ коронавирус инфекциясы бар науқастар тіркелген әлемнің 23 еліне бармай-ақ қоюға кеңес беремін. Жалпы, біз осы кезеңде қажетсіз халықаралық сапарларды шектеуді ұсынамыз», — деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан барлық шаралар ДДҰ ұсынымдарына толық сәйкес келетінін мәлімдеді.

«Біріншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирус инфекциясының елге еніп, тарауына жол бермес үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Үкімет жанынан ведомствоаралық штаб құрылды», — деді министр.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/birtanov-kazakstandyktarga-kytayga-barmay-ak-koyuga-kenes-berdi_a3609949”

©1info.net