Қазақстанда мал басы өсіп келеді


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда мал басы өсіп келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Russiangate

«Ұлттық экономика министрлігінің баяндамасында аталып өткендей, осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 934,4 млрд теңгені құрады. Бұл өсім мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 2,3%-ға, оның ішінде сойылатын еттің 3,5%-ға, сүттің 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», — деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, облыстар бойынша республикалық қарқыннан жоғары көрсеткішке Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан өңірлері қол жеткізген.

«Сондай-ақ, ірі қара мал санының — 4,1%-ға, қойдың — 2,8%-ға, жылқының — 7,9%-ға, түйенің — 4,4%-ға және шошқаның — 1,5%-ға өскені байқалады. Ал өсімдік шаруашылығында 2020 жылғы көктемгі дала және егіс жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Бүгінгі күні егіс жұмыстары толығымен аяқталды», — деді ол.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kazakstanda-mal-basy-osip-keledi_a3659479”

©1info.net