Елорда маңындағы өрт: Демалыс үйінің 1,1 мың шаршы метрі жанып кетті


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елорда маңындағы «Аstana Resort» экокешенінде тұтанған өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Московский репортер

"Өрт сөндірушілер ұйымдасқан әрі жедел әрекеттерімен сағат 17. 10-да жалынның таралуын тоқтатып, 19. 00-де толық сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр. Қызыл жалын шарпыған болжамды аумақ 1106 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық және Ақмола облыстық Т өтенше жағдайлар департаменттерінің, "Астана орманы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бөлімшелері жұмылдырылды", — деп атап өтті елордалық Т өтенше жағдайлар департаментінен.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында «Аstana Resort» демалыс үйі өрт құшағына оранған болатын. Аталған экологиялық кешен аумағындағы 3 қонақүй, 1 сауна, 1 асхана жанды. Елордадан алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін кешен аумағынан 45 адам қауіпсіз жерге шығарылды.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/elorda-manyndagy-ort-demalys-uyinin-1-1-myn-sharshy-metri-zhanyp-ketti_a3660316”

©1info.net