Ақтөбеде 10-14 жас аралығындағы 3 баладан коронавирус анықталды


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Соңғы тәулікте Ақтөбе облысында тағы 20 адамнан вирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Moscow Post

Ақтөбе облысы бойынша 610 адам індетке шалдықса, оның тең жартысы емделіп шықты. Соңғы тәулікте тағы 20 адам тіркелді. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәртөк ауданынан 5, Әйтеке би ауданын 8 адам бар. Коронавирусқа шалдыққандардың үшеуі 10, 12, 14 жастағы бала.

«13 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. 7 адам профилактикалық тестен өткенде анықталды. Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды», — делінген хабарламада.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/aktobede-10-14-zhas-aralygyndagy-3-baladan-koronavirus-anyktaldy_a3664246”

©1info.net