7 желтоқсан күні Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан президентінің жолдауын іске асыру мақсатында Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылауға арналған қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиында Байбек “жұмыс орнын жылдам ашуға болатын, ең қарқынды дамып келе жатқан сала – туризм ғана” деп мәлімдеген. Әкім бұлай деп Алматыдағы тау-шаңғы туризмі мен еңбек нарығындағы өзгеріс әңгіме болып жатқанда айтқан. Ол “Алматыда жыл сайын электрондық сауда нарығы 55 пайызға өсіп жатыр” деді.
Об этом сообщает Футляр от виолончели
“Бұл – қаладағы 57 базарда сауда істейтін адамдар ертең жұмыссыз қалуы мүмкін деген сөз. Алматы экономикасындағы үлесі 30 пайыз сауданы 5 пайызға дейін азайтып, оның орнына туризмді дамытуымыз керек”.
Баспасөз конференциясын мына сілтемеден көруге болады. 40:00-40.40 аралығын қараңыз.
Әлемде ең қарқынды дамып жатқан сала – IT секторы. Мәселен, жасанды интеллект индустриясы. Оны авиация, саяxат пен туризмде пайдалану да осы саланың ішіне кіреді. Бұл салада ашылған жұмыс орындарының саны жыл сайын артып келеді.
Дегенмен туризм саласы әлем бойынша шынында да дамып келеді. UNWTO ұйымының (Дүниежүзілік туристік ұйым; БҰҰ құрамына кіреді) 2017 жылы жариялаған есебінде “туризм алдағы сегіз жылда жыл сайын 4 пайызға өсіп отыратынын” жазған. Ал WTTC (Саяxат пен туризм дүниежүзілік кеңесі) ұйымының былтырғы есебінше, 2017 жылы туризмнің әлемдік жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі – 4,6 пайыз. Тап сол есепте туристік индустрияда 118,454,000 жаңа қызмет орны ашылғаны, бұл барлық жаңа жұмыстың – 3.8 пайызы екені көрсетілген. Баяндаманы дайындағандардың пайымдауынша, туризм саласында қызмет ететіндер саны 2018 жылы – 2,4 пайызға, 2028 жылы 150,13 миллион адамға өсуі керек. Жыл сайынғы өсім 2,2 пайыз болып, жалпы жұмысшылардың 4,3 пайызына тең болады. Туризмнің жалпы еңбек нарығына әсерін мына сандармен көрсетуге болады.
Жалпы жұмысшылардың 9,9 пайызы, бұл – шамамен – 313,221,000 жұмыс орны. 2018 жылы күтілген өсім – 3,0 пайыз. 2028 жылға дейін жыл сайынғы өсім 2,5 пайыз болады (әлем жұмысшыларының 11,6 пайызы).
Баяндамада “соңғы он жылда ашылған жұмыс орындарының 20 пайызы туризм мен саяхат индустриясында ашылған” деп жазылған. Екі түрлі көзқараспен баяндалған бұл тақырып туралы мына жақтан және мына сілтемеден оқуыңызға болады.
Саланың өзіне қатысты айтсақ, болжам бойынша, әлемдік жалпы ішкі өнімге жыл сайын қосатын үлесі 2018-2020 жылдары 3,3 пайызға өсіп отырады. Қазіргі үлесі – 10 пайыз.
World of Finance порталында жарияланған материалда ең қарқынды дамып келе жатқан салалар жаңа технологияға байланысты екені жазылған. Ол салалар қатарына киберқауіпсіздік, виртуалдық шынайылық, жасанды интеллект, сондай-ақ IT-ға жатпайтын екі сала — қалпына келетін энергия мен биотехнология бар. Мұны көріп отырып, әрбір саланың экономикалық өсімге, жұмыспен қамту деңгейіне әсері қалай екенін салыстырып көрдік. Нәтижеге көз салыңыз.
CompTia техникалық қауымдастығы 2018 жылғы зерттеуінде былай жазады: 2017 жылы әлемдік IT нарығы 4,5 трлн доллар табыс тапқан. 2015 жылы бұл сала – 5 пайызға, 2017 жылы 4,2 пайызға өсті. Болжам бойынша, 2018 жылы өсім 5 пайыз болады. Еңбек нарығына қатысты айтар болсақ, 2017-2018 жылдары бір АҚШ-тың өзінде осы салаға қатысты бос жұмыс орындары туралы хабарлама 27 пайызға өскен. Ал 2016 жылғы есепте “компьютер жүйелерін құрастыру саласындағы әрбір жұмыс орны экономикадағы өзге салаларда тікелей де жанама бес жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр” деп жазылған.
Бұл саланың жыл сайынғы өсімі 10 пайыз болады деп болжанған. 2017 жылы киберқауіпсіздік нарығының құны 100 млрд доллардан аса қаржыға бағаланды. 2015 жылы АҚШ-та киберқауіпсіздік саласындағы сарапшы IT индустриясындағы ең көп сұраныс туған маманға айналған (өсім 4,8%), 2017 жылы сұраныс 1,1 пайызға азайған.
AI нарығы бойынша ақпарат пен өсім болжамы
Бұл нарыққа қатысты есепте “терең оқыту” саласының (DL, deep learning) мамандарына сұраныс 2015-2017 жылдары – 35 есе, “машиналық оқыту” (ML, machine learning) мамандарына сұраныс 6 есе өскені” жазылған.
2017 жылы жарияланған есептегі дерек бойынша, 2015-2016 жылдары бұл сала әлем бойынша 7 пайызға өскен, 2016 жылы табысы 1,4 трлн доллар болған (туризм саласының табысы — 1,245 трлн доллар). Bloomberg-тің жазуынша, 2014-2024 жылдары жел турбинасын орнататын техниктерге сұраныс 108 пайызға өседі.
2013-2018 жылдары бұл сектордың жылдық өсімі 5,1 пайыз болған, жұмыспен қамту деңгейі – 5,3 пайыз.
2018 жылдың өзінде сапалы кадрлар өсімі 8 пайызға өсіп, квалификациясы төмендеу қызметкерлер 25 пайызға азайған.
Forbes осы баяндамаға сүйеніп, “жасанды интеллект” 75 млн адамды жұмыссыз қалдырып, 58 млн жаңа қызметкерге (кәсіби мамандарға) жаңа жұмыс орнын ашады” деп жазады.
Бұл – туристік индустрияда жұмыс орны тек кәсіби қызметкерлерге және IT саласына қатысты азаматтарға ашылады деген сөз. Біз Қазақстан туризмін дамытуға мамандар сапасының төмендігі кедергі екенін жазғанбыз. Аймақтық ерекшелімізге орай бізде “Жылжымайтын мүлік пен бизнес-қызмет” секторының дамуына мүмкіндік бар.
Источник: “https://factcheck.kz/kaz/glavnoe/faktchek-bajbek-alemde-en-karkyndy-damyp-kele-zhatkan-sala-turizm/”
©1info.net