Шахмат: 5 жасында Қазақстан чемпионы атанды


ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат — Алматыда 18 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан өткен Қазақстан чемпионатында 6 жасқа дейінгі топта павлодарлық Эльсид Эльмурзиев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Об этом сообщает http://boileroom.top

Шахматтан Павлодар облысының аға бапкері Арман Габдушев бес жасар бүлдіршін мұндай қарқынды өнер көрсетеді деп ойламаған. — Эльсидтің нәтижесі қатты қуантты, — деді Арман Габдушев. – Бұл жастағы топта көптен бері біздің спортшылар жеңімпаз атанбаған еді. Басында Эльсид көш бастап келе жатып, қатарынан 2 рет жеңіліске ұшырады. Одан кейін өзін қолына алып, 2 ойында ұтып, 1-орынға қол жеткізді. Бұлай ерекше өнер көрсетеді деп күтпеген едік. Сонымен қатар, аталған чемпионатта 8 жасқа дейінгі топта тағы бір павлодарлық Ахмет Сулейман 3-орынды иеленді. — 8 жасқа дейінгі топта 6 жастағылардан қарағанда көп қатысушы болады, — деді аға бапкер. – Сәйкесінше, бәсекелестік жоғары. Сулейманның 3-орын алуы — өте жақсы нәтиже.

Айта кетейік, шахматтан 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы Қазақстан чемпионатында жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 872 спортшы бақ сынады. Павлодар облысынан 37 жас шахматшы қатысты.

Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/shahmat-5-zhasynda-kazakstan-chempiony-atandy_a3605158”

©1info.net