Петропавлда автокөлік жүргіншілер жолағында жас жігітті қағып кетті


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көлік жүргізушісі абайсызда жаяу өтпе жолдан өтіп бара жатқан 22 жастағы жігітті қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін 10 ақпан, сағат 11.00 шамасында болған. Интернационал көшесінде келе жатқан «Toyota-Chaser» автокөлігінің жүргізушісі жүргіншілер жолағымен көшені қиып өтпек болған адамды қағып кетті. Салдарынан 1998 жылы туған азамат түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша материал жиналып жатыр.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жарақат алған ер адам облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жеткізілген. Жігіттің миы соғылып, жабық бас сүйек-ми зақымын алған.

Жалпы, соңғы үш күнде Петропавлдағы №3 аурухананың жарақат бөлімшесіне 137 адам қаралса, соның төртеуі көлік апатында зардап шеккендер.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/petropavlda-avtokolik-zhurginshiler-zholagynda-zhas-zhigitti-kagyp-ketti_a3613002”

©1info.net