Елордада волонтерлер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты


НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қалалық жастар саясаты басқармасының еріктілер штабы «Жас Отан» жастар қанатының волонтёрлерімен бірге азық-түлік-себеттері мен гигиена заттарын (медициналық маскалар, антисептиктер) таратуды жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

Бүгінге дейін олар мұқтаж отбасыларға қажетті тауарлармен бірге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Қазірдің өзінде 500 мың маска таратылды. Nur Otan партиясының қолдауымен #бізбіргеміз акциясының екінші толқыны аясында қалаға 2 миллион маска әкелініп, оның үштен бірі таратылды. «Еріктілер қызметіне ақы төленеді деген қате пікір бар. Бұл «волонтер», яғни, ерікті ұғымын түбегейлі теріске шығарады. Ерікті – қоғамға пайдалы қызметпен ақысыз айналысатын адам», – деп атап өтті қалалық жастар саясаты басқармасында. Хабарланғандай, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж жандарға: Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін қаражат бөлінді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/elordada-volonterler-zharty-millionnan-astam-medicinalyk-maska-taratty_a3641748”

©1info.net