Соғыс жылдарында Алматы бүкілодақтық кино әлемінің астанасына айналды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 1941 жылы Алатау баурайындағы қалаға «Мосфильм» мен «Ленфильм» эвакуацияланды. Кейін Алматы студиясымен қосылып, Біріккен Орталық киностудия құрылды. Бұл жерде «Иван Грозный», «Черевики» және басқа да танымал картиналар түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

Соғыс жылдары Орталық Киностудиялардың Алматыда жұмыс істеуі тек қазақ киносы ғана емес, бүкіл совет киносының тарихында орын алатын маңызды кезең болды. 1942 жылдың басында Москва, Лениград киностудиялары Алматыға көшіп келіп, Алматы көркемсурет фильмдер студиясымен бірігіп, Біріккен Орталық киностудиясы құрылды.

Орталық киностудия қазіргі Жамбыл филармониясы Төле би — Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан ғимаратта болды.




«Соғыс кезінде Біріккен Орталық киностудиясы отандық фильмдердің 80% шығарды, яғни 23 толық метражды және 10 қысқа метражды фильм. Қазақстанда түсірілген деректі фильмдер ел тағдырында шешуші роль атқарған тарихи құбылыстар мен оқиғаларды қамтиды. Халық жүрегінде жеңіске деген сенім мен асқақ рухты ұялатуға септігін тигізеді.Түсірілеген кинолар ұрыс даласындағы сарбаздарға көрсетілді», — деп хабарлады Қазақфильм өкілдері.




Түсірілген фильмдер арасында: «Аудандық комитеттің хатшысы» («Секретарь райкома» 1942 ж., режиссёрі И.А.Пырьев); «Ол өз Отанын қорғайды» («Она защищает Родину» 1943 ж, режиссёрі Ф.М.Эрмлер); «Зоя» («Зоя» 1944 ж.,режиссёрі Л.О.Арнштам); «Отан үшін» ( «Во имя Родины» 1943 ж., режиссёрлері В.И. Пудовкин мен Д.И. Васильев); «Мені күт» («Жди меня» 1943ж., режиссёрлері . А.Б. Столпер, Б. Иванов); «Майдан» ( «Фронт» (режиссёрі Г.Н.мен С.Д. Васильевтар), «Иван Грозный» (1 және 2 серия, Режиссёрі С.М. Эйзенштейн) туындылары болды.

Сондай-ақ, 1941-1945 жылдар аралығында қазақ мәдениеті мен өнерінің екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы қызметін баяндайтын бірқатар фильмдер түсіріледі. 1943-жылғы «Айтыс» (реж.Б.Пумпянский, опер.Т.Попова,Н.Кононов) фильмінде қазақтың белгілі ақындары Жамбыл, Кенен Әзірбаев, Шашубай қатысты.




1943 жылы киностудия түсірген туындыларға республикамыздың музыка өнерінің барлық мақтаныштары тартылды. Атап айтар болсақ, Күләш пен Қаныбек Байсейітовтер «Қыз-Жібек», «Ер Тарғын» операларын орындады. Қазақстанның Халық әртісі Шара Жиенқұлованың билері, Дина Нүрпейісованың орындауындағы күйлер, қазақ театр сахнасында қойылып жүрген спектакльдерден үзінділер көрсетіп, қазақ сахнасының белгілі шеберлері Қ.Қуанышпаев, Ж.Омарова, А.Үмбетбаев, С.Әбжанов, Ғ.Құрманғалиевтардың шығармашылығымен таныстырды.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sogys-zhyldarynda-almaty-bukilodaktyk-kino-aleminin-astanasyna-aynaldy_a3644745”

©1info.net