Ақтөбелік учаскелік полиция мұқтаж отбасыға көмектескені үшін марапатталды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 29 сәуірде баспана жалдап отырған отбасы үшін пәтер ақысын төлеп берген ақтөбелік учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Жақұпов ҚР ІІМ-нің Мақтау қағазымен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Диапазонға сілтеме жасап хабарлайды.

Об этом сообщает Руспрес

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ІІМ-де өткен бейнеконференция барысында төтенше жағдай кезінде ерекше көзге түскен ҚР-ның ішкі істер органдарында жұмыс істейтін 47 қызметші мен әскери қызметші марапатталды.

«Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде тәртіптің сақталуы үшін қамтамасыз еткен ІІМ қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады. Оның тапсырмасы бойынша, карантиндік шаралар кезінде жұмыс істеген барлық әскери қызметшілер мен қызметшілер жалақы көлемінде сыйақы алады. Жеке құрамнан 52 мыңнан астам қызметші сыйақы алады», — дейді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Мақтау қағазымен марапатталғандардың ішінде Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Жақыпов та бар.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/aktobelik-uchaskelik-policiya-muktazh-otbasyga-komekteskeni-ushin-marapattaldy_a3644976”

©1info.net