Қордайға Алматыдан қыдырып келген екі адамнан коронавирус табылды


ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 7 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Об этом сообщает Репортер

Нақтырақ айтсақ, Тараз қаласының 1976, 1995, 2001, 1951 және 1982 жылы туған бес тұрғынынан инфекция табылды. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды.

Тағы екі жағдай Алматы қаласынан келген Қордай ауданының 1971 және 2015 жылы туған тұрғындарынан тіркелді. Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілді.

13 маусымдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавирусты 483 адам жұқтырған.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kordayga-almatydan-kydyryp-kelgen-eki-adamnan-koronavirus-tabyldy_a3661546”

©1info.net