Ақтөбе облысында боранға байланысты жол жабылды


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе облысы жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAutoJol» компаниясына сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://falshivok.net

«1 қаңтар түнгі сағат 00:00-ден бастап қар, боран және жолда түк көрінбейтіндіктен Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе – Орск» тасжолының 39-135 шақырымы уақытша жабылды (Шәмші Қалдаяқов ауылынан Ресей шекарасына дейінгі аралық). Көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған. Сондай-ақ «Самара — Шымкент» тасжолының 773-853 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу қойылды» делінген хабарламада.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/aktobe-oblysynda-boranga-baylanysty-zhol-zhabyldy_a3600224”

©1info.net