Ресей мектебінде қазақ тілін оқытатын сынып ашылды


ТҮМЕН. ҚазАқпарат – Түмен облысында осымен үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраевқа сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://thefirst-online.com

Бұл жайында ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін Голышманово ауылындағы №4 орта мектеп базасында облыстағы кезекті үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды. Сыныптың ашылуына орай концерт ұйымдастырылып, шашу шашылды, мерекелік дастархан жайылды. Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының бұл бастамасына Голышманово қалалық округінің басшысы Александр Ледаков қолдады. Қазақ тілінің алғашқы сабағына 40 оқушы, сондай-ақ ата-аналар, аталар мен әжелер келіп қатысты. Сыныпқа адам жинау әлі жалғасып жатыр. Ауылдарда қазақ тілін үйренгісі келетіндер баршылық» деп жазды Есенғали Ибраев.




Голышманово қазақтары ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті қадір тұтады, ұстанады. Көп жылдар бұрын дәл осы жерде Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өткен.




«Бүгінде біздің автономияның жергілікті бөлімшесін Дүйсенбай аға Бекқожинов басқарады. Олар ұлттық-мәдени жобаларды белсене жүзеге асырып жүр. Жергілікті оқушыларға қазақ тілін үйренуде сәттілік тілеймін», — дейді Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының басшысы.




Ендігі жоспар – дәл осындай қазақ тілі сыныбын Ишим қаласынан ашу.



















Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/resey-mektebinde-kazak-tilin-okytatyn-synyp-ashyldy_a3605095”

©1info.net