Бердібек Сапарбаев кейбір мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысын сынады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев кейбір мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://ensita.net

«Біз бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы көпір екендігін жиі айтып жатамыз. Ақпарат дер уақытында әрі нақты жеткізілген кезде ғана өзекті. Егер БАҚ өкілдері ақпаратты дер уақытында, дұрыс халыққа жеткізетін болса, онда тұрғындар да мемлекеттің, оның ішінде Үкіметтің, үкіметтік емес ұйымдардың не істеп жатқандығын біліп отырады», — деді Бердібек Сапарбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда вице-пермьер мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері ақпараттарды толыққанды әрі уақтылы беріп отыруы тиістігіне назар аударды.

«Барлық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерін үйлестіруге қатысты да көп мәселе айтылды. Министрлікке (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) баспасөз қызметтері халыққа белгілі бір ақпаратты уақтылы жеткізуі үшін олардың жұмысын үйлестіріп, бағыт беру жұмыстарын күшейту қажет. Өкінішке қарай, біз кейде кешігіп жатамыз. Бүкіл әлеуметтік желіде бір оқиға жайында жан-жақты талқылау жүріп жатқанда тиісті мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері өрттің қашан шығатындығын күтіп үнсіз отыра береді. Содан кейін апыл-ғұпыл режимде сол өртті сөндіруге кіріседі. Меніңше, бұл жерге тиісті өзгертулер енгізуіміз керек», — деді Үкімет басшысының орынбасары.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/berdibek-saparbaev-keybir-memlekettik-organdardyn-baspasoz-kyzmetinin-zhumysyn-synady_a3607942”

©1info.net