Ақтөбеде жас кәсіпкерлер қайтарымсыз грант ұтып алды


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://relo-info-exchange.com

Ақтөбе облысы бойынша 13 кәсіпкер қолдауға ие болды. «Экоцентр» қоғамдық бірлестігі арқылы қазақстандық жас кәсікерлерге Жапония қолдау көрсетті. Ақтөбелік жастар тігін цехын, наубайхана, әсемдік салоны, фотосалон секілді өз бизнесін кеңейтті. Талап бойынша жұмыссыздарды еңбекке араластырды.

«Ақтөбе облысы бойынша Қандыағаш, Шалқар қалалары мен Шұбарқұдық ауылдарында жастар өз жобасын ұсынып, жеңімпаз атанды. Өтініш желтоқсан айында қабылданған болатын. Жастардың жұмысы әрқилы. Ауылда сұранысқа ие сала қолдауға ие болды», — дейді қоғамдық бірлестік жетекшісі Меруерт Құрманова.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 20 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қандыағаш қаласы бойынша 6 жоба, Шалқар қаласынан 4 жоба, Шұбарқұдықтан 3 жоба бар. Жеңімпаздарға 3 миллион теңгеге дейінгі сомаға сертификат берілді.

«Бұл жоба туралы желтоқсан айында естідім. Содан өтініш қалдырдым. Қандыағашта, әсіресе көктем мезгілінде, көкөністердің өскіндерін табу қиынға соғады. Осыны ескере отырып, дихандар мен бағбандарға арналған арнайы дүкен ашуды жоспарладым. Бүгінде өңірде экологиялық таза өнімге сұраныс жоғары», – дейді жеңімпаз Ерлан Айтжанов.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/aktobede-zhas-kasipkerler-kaytarymsyz-grant-utyp-aldy_a3609553”

©1info.net