Қарағандыда шетелдік нөмірі бар көліктерді уақытша тіркеу жұмыстары түсіндіріліп жатыр


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында шет елдік нөмірі бар 30-дан астам көлік иелері уақытша тіркеу бойынша кеңес алды. Алғашқы тілек білдірушілер де пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://load-bit.net

ЕАЭО елдерінде тұрақты есепте тұрған және Қазақстанға ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу бойынша жұмыс бүгін Қарағанды облысының мамандандырылған ХҚКО-ларында басталды.

Сағат 9.00-ден бастап Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ресей, Армения, Қырғызстан және Беларусь елінен әкелінген автокөлік иелеріне көлікті уақытша есепке алу немесе тұрақты тіркеу қалай жүргізілетінін түсіндірді. Анна Жақсыбекова әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әлібек Мейрамовтен көлікті тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі туралы сұрады.

«Біз күйеуім екеуміз 2016-шы жылғы «Toyota camry 55« және 2008-ші жылғы «Lexus« көліктерін Ресей Федерациясынан сатып алған едік. Қазір елімізде ондай автокөліктерді тұрақты есепке қою туралы шешім қабылданды. Маған мамандар бірінші көлігімді тұрақты есепке қойып, мемлекеттік баж салығын төлеп, алғашқы тіркеуге қоя алатынымды айтты. Ал екіншісі одан сәл ескілеу, сондықтан мен онымен халықаралық қозғалыс аясында жүре бермекпін»,-деді Анна Жақсыбекова.

Ол сондай-ақ бүгін түсініктеме алып, барлық сауалдарына мардымды жауап алғанын атап өтті.




Жалпы бүгінгі күні 30 адам кеңес алды, оның ішінде 20-ы Ресей Федерациясының, 8-і Армения Республикасының және 2-уі Қырғызстан Республикасының автокөліктерін тіркеу бойынша сұрақтарына жауап алды.

Айта кету керек, облыс аумағында азаматтарды қабылдау сегіз ХҚО-да жүзеге асырылды, бұл Қарағанды қаласының мамандандырылған ХҚО, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларының, сондай-ақ Абай, Жаңаарқа, Осакаров және Қарқаралы аудандарының ХҚО-тары.

Жоғарыда көрсетілген көлік құралдарына қатысты түсіндіру және уақытша тіркеу жұмыстары 1 ақпаннан 1 наурызға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін демалыссыз жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, 8-775-617-96-18, 8(7212) 55-87-06 жедел желі телефондары жұмыс істейді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/karagandyda-sheteldik-nomiri-bar-kolikterdi-uakytsha-tirkeu-zhumystary-tusindirilip-zhatyr_a3610140”

©1info.net