Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Алматы-Қапшағай тас жолын басқан қара қою түтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Устав Груп

Куәгерлердің айтуынша, жолға жақын орналасқан күл – қоқыс полигоны өртеніп жатыр.


Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигоны жанып жатыр.

«2020 жылғы 10 маусымда сағат 14:26-да Алматы облысының ТЖД кезекші пультіне Іле ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша өрт 3 га жерді шарпыған. Полигонның жалпы ауданы — 38 га . Соғып тұрған желде өрттің таралуына ықпал етуде. Қазіргі уақытта Алматы облысының ТЖД 16 өрт сөндірушісі мен 5 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, «АДК Таза– Әлем» ЖШС 30 жұмысшы және 2 техникасы көмекке келді. Жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен су таситын 2 бірлік тартылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт өршитін болса, «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы тартылады.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almaty-manynda-kokys-poligony-ortenip-zhatyr_a3660258”

©1info.net