Алматы маңындағы қоқыс полигонынан  шыққан өрт тек бесінші күні сөндірілді


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы маңындағы қоқыс полигонынан шыққан өрт тек бесінші күні сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Компромат вики

«15 маусым күні сағат 14: 00-де Алматы облысы Іле ауданындағы полигонынан шыққан өрт оқшауланды. Қызыл жалынның таралу қаупі сейілді. Сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Тілсіз жау көп мөлшерде құм мен су себу арқылы ауыздықталды. От тұтанғанан бастап полигонға барлығы 25 мың текше метрден астам құм мен 5,5 мың текше метр су жеткізілді», — деп хабарлады Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

















Өртті сөндіруге ТЖД, Іле ауданы әкімдігі, «АДК Таза Әлем» ЖШС және «Алатау-Құс» зауытынан 100-ден астам адам, 40 техника және Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Оқиға орнында арнайы құрылған жедел штаб жұмысын жалғастыруда. Аудан әкімдігі жанар-жағармай жеткізу мен өрт сөндірушілерге тамақ ұйымдастырды.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 13 маусымдағы жағдай бойынша өрт 7 га жерді шарпыған. Қазір жалпы жанып жатқан аймақтың (6 га) шамамен 85% оқшауланды.

«Бастапқыда қою түтін салдарынан өрттің нақты қанша жерге жайылғанын анықтау мүмкін болмады. Қабылданған шаралардың арқасында полигонның бүкіл аумағына (34,4 га) өрттің таралуына жол берілмеді», — деп түсіндірді ТЖД.

Еске салайық, Іле ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының (35 км) қоқыс полигонына қатты қалдықтардың тұтанғаны туралы хабарлама 10 маусымда сағат 14.26-да облыстық төтенше жағдайлар басқармасына түскен болатын.

Кейін қоқыс полигонындағы өрттен Алматы-Қапшағай трассасында 8 кө лік соқтығысты.

Сондай–ақ, өртті сөндіруге 3 тонна су тасымалдайтын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды.















Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almaty-manyndagy-kokys-poligonynan-shykkan-ort-tek-besinshi-kuni-sondirildi_a3662036”

©1info.net