СҚО-да 23 млн теңге жымқырды деген күдікпен мектеп бухгалтері ұсталды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстанда спорттық мектептердің бірінің бухгалтері бюджет қаражатының жымқырылу фактісіне қатысты күдікті деп танылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает RuGate

«Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері облыстағы спорттық мектептердің бірінің бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Ол өзінің карточкалық шотына 23 млн 781 мың 833 теңге көлемінде ақшаны артық аударып алу күдігіне ілінді. Ол қаражат мектептің басқа шығындарына, атап айтқанда іссапар, оқу-жаттығу жиындарына жұмсалуы тиіс еді», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында.

Іс-материалдары күдікті мен оның қорғаушысына таныстырылған. Іске қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sko-da-23-mln-tenge-zhymkyrdy-degen-kudikpen-mektep-buhgalteri-ustaldy_a3663654”

©1info.net