Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе-Орынбор тасжолында көлік аударылып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Редакция news

Мәртөк ауданының Жайсаң ауылынан 3 шақырым жерде «Лада-21705» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, темір жол қоршауына соғылып, қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, аударылған. 35 жастағы жүргізуші әйел мен екі жолаушы көз жұмды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жол-көлік оқиғаларын талдау кезінде апаттардың негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін елемеуінен болатыны белгілі болды. Негізінен жол-көлік оқиғасы салдарынан кішкентай балалары бар адамдар көз жұмып жатады», — дейді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Жыл басынан бері облыста 235 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 44 адам қаза тапты, 320 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/aktobede-zhol-apatynan-ush-adam-koz-zhumdy_a3662389”

©1info.net