Семейде қолайсыз ауа райына байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды


СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде қолайсыз ауа райына байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://sledu.info

«Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 18 қаңтарда Семейде желдің ұйытқуы – 18 м/с. Осыған байланысты 1-ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттеріне сабақ болмайды», — деп түсіндірді ШҚО ТЖД-да.

Бұдан бөлек «Қазавтожол» ЖШС ШҚО филиалының хабарлауынша 18 қаңтарда сағат 07:15-тен бастап ауа райының нашарлауына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-Ресей шекарасы) автожол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ ТЖ департаментінде сағат 09:00-ден бастап жол көрінісінің нашарлауынан барлық көлік түрлері үшін облыстық маңызы бар «Өскемен- Горная Ульбинка-Северное» трассасында жол жабық екенін атап өтті.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/semeyde-kolaysyz-aua-rayyna-baylanysty-mektepter-men-kolledzhderde-sabak-bolmaydy_a3604975”

©1info.net