Түлкібас ауданында ереже бұзған жүргізушілердің көлігі айыптұраққа қойылды


ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында әскери борышын өтеп келген жас жігіттің достары оны күтіп алу үшін автошеру ұйымдастырып, жол бойында апатты жағдай тудырған. Артынша жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталып, автокөліктері айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает FIB

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Түлкібас ауданына қарасты ауылдардың бірінде жас жігіттердің автокөлікпен шеру ұйымдастырған бейнежазбасы тараған еді. Онда жас жігіттердің джип көліктерінің сыртында тұрып, көше аралағаны түсіп қалған. Аталған оқиғаға байланысты Түлкібас АПБ қызметкерлері жедел- іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде «Ланд Крузер», «Ауди» және «Фольцваген Пассат» көліктерінің жүргізушілерін анықтаған. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар болып шықты.

«Кінәлі жүргізушілер жасаған ісәрекеттеріне сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабы 1 бөлігімен және 434 бабымен, 593-бабымен тіркеліп, әкімшілік хаттамалар толтырылған. Көлік тізгіндеушілерге айыппұл салынған. Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылып, өз кезегінде жоғарыда аталған көлік иелері халықтан кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамауға уәде берді», делінген хабарламада.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/tulkibas-audanynda-erezhe-buzgan-zhurgizushilerdin-koligi-ayypturakka-koyyldy_a3661988”

©1info.net