Чехияда су тасқынынан сегіз адам қаза тапты


ПРАГА. ҚазАқпарат – Чехияда су тасқыны салдарынан соңғы күндері кем дегенде сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Чехия радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Об этом сообщает Слон РУ

Толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан елдің шығысындағы Моравия ауданы қатты зардап шеккен. Сенбі күні табиғи апаттан Петровице ауылының екі тұрғыны мерт болды. Олар Одераның сол жақ саласы — Особлога өзенінің арнасы тасығанда су астында қалып қойған. Жексенбі күні Фридек-Мистек қаласына жақын орналасқан Моравка өзеніне сегіз жасар оқушы қыз батып кеткен.

Сейсенбі күні Чехидағы ауруханада екі әуесқой спортшы көз жұмды. Олардың қайығын өзен ағысы аударып жіберген. Елдің шығысындағы аудандарда материалдық залал сомасы ондаған миллион еуроны құрауы мүмкін.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/chehiyada-su-taskynynan-segiz-adam-kaza-tapty_a3665052”

©1info.net