Маңғыстауда бір жасқа толмаған сәбиден коронавирус анықталды


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат — Маңғыстау облысында әлі бір жасқа толмаған сәбиден коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Об этом сообщает Руспрес

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы Ақтау қаласында 1989 жылы туған әйел адам, 2 ер адамнан: 1978, 1975 жылы туған және 2 кішкентай балада: 2020, 2010 жылы туған, Бейнеу ауданында 3 әйел адамнан: 1939, 1967, 1966 жылы туған және 3 ер адамнан: 1978, 1965, 1990 жылы туған, Мұнайлы ауданында 1 әйел адамнан: 1976жылы туған, 3 ер адамнан: 1986, 1975, 1972 жылы туған, және 1 кішкентай балада: 2011 жылы туған, Түпқараған ауданында 2 ер адамда: 1958 және 1989 жылы туған, науқастарда нақтыланды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/mangystauda-bir-zhaska-tolmagan-sabiden-koronavirus-anyktaldy_a3662159”

©1info.net