Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает Компромат РУ

«Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді», деп жазды Президент twitter парақшасында.

Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.

Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/prezident-medicina-kyzmetkerlerin-kasibi-merekelerimen-kuttyktady_a3664233”

©1info.net