«Оқушыны қолда» қайырымдылық акциясы. Көмекті кімдер ала алады?

Білім және ғылым министрлігі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және "Менің Атамекенім" қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, "Мектепке жол" қоғамдық қозғалысы аясында "Оқушыны қолда" республикалық қайырымдылық акциясын бастады. Бұл шара қашықтан оқу кезінде компьютерге мұқтаж балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

Об этом сообщает Преступная Россия

Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, министрлік мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына мониторинг жасап, компьютер мен интернетке мұқтаж балалардың есебін шығарған. Сондай-ақ, демеушілер ұсынатын компьютерлерді алатын балалардың кезегі де анықталған.


Оқи отырыңыз: Тамызда оқушылар мен ата-аналарға бірыңғай сынып сағаттары өтеді. Олар неге дайын болуы керек?


"Техниканы алғашқы болып жетім балалар, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары, сондай-ақ, АӘК алмаса да, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы оқушылар алады", – деді Есенғазы Иманғалиев.

Бұл үшін "Оқушыны қолда" сайты іске қосылған. Сайт арқылы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар оқушыларға көмек көрсете алады. Олардан жиналған қаражатқа оқушылардың мақсатты пайдалануы үшін нақты мектептің балансына берілетін қажетті техника сатып алынады.

Сондай-ақ, ата-аналар баласының аталған көмекті алу мүмкіндігін тексере алады. Ол үшін сайттың "Бұл көмек кімге арналған?" бөліміне өтіп, оқушының жеке сәйкестік номерінің соңғы 6 санын енгізу қажет.



Источник: “https://informburo.kz/kaz/oushyny-olda-ayyrymdyly-akciyasy-bl-kmekt-kmder-ala-alady-109907.html”

©1info.net