НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ның Гидрология департаменті 23-25 қаңтар аралығындағы ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Об этом сообщает http://gazeta-da.com
«23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының өзендерінде, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде ауа температурасының жылынуына байланысты (мұз қабаттарының жұқаруы, өзендерде сеңнің тоқтауы) мұз кептеліп, су деңгейі көтерілуі мүмкін», — деп хабарлайды ведомство.
Кептеліс –өзен арнасында оның ағысын шектейтін мұздың жиналуы. Әдетте, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы салдарынан су деңгейі көтеріліп, тасиды.
Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/ush-onirde-ozende-muz-keptelip-su-dengeyi-koteriledi_a3606345”
©1info.net